28.05.2022
132
![](/uploads/shorttexts/author_image/20374559-817853378375813-6907443392729208509-n-e1549878923717.jpg)
Кезбе - ғұмыр
Бір мұңым бар... ол қандай мұң?..
Бағытымды таппаған сормаңдаймын..
Өлеңімнен зар болып төгіледі –
Жүрегіме зәр болып толған қайғым.
Өз-өзімнен, әйтеуір, жүрмін қашып,
Өлтірердей сұмдық ой құрдымға асық...
Сұр қалаңды қайтейін – тұл қараңғы,
Баласы едім кеп-кеше қырдың ғашық.
Кесілді жол, үзілді талай үміт,
Көкірегімді шер жатыр қақ айырып.
Амалым жоқ – тобырлық топастықты
Қоздырған соң қоғамдық жабайылық.
Тамшылайды көзімнен жас та демде,
Тұншығамын өксіктен қасқа мен де...
Моламды да артыма қалдырмаспын
Өтіп кетсем байқамай басқа әлемге –
Шандор сияқты!..