28.05.2022
94
Арылу
Хабарсызға хабар келер Тәңірден,
Телефоның түк емес.
Ал мен үшін дүние – тар, қабір – кең,
Көздерімде күлер ес.
Жүрегімнен жасап алдым қылует,
Түскім келмей тартысқа.
Хас арманым – шын өмірді сүру ед,
Былғандым-ау әр тұста...
Кәуір құсап Хақтың жолын ұғынбай,
Адастырды күнә ісім.
Жалқы жаным шырқырады шыбындай,
Көкке жолдап дұғасын.
Жадыма алып құрсақтағы мінәні,
Өзім жайлы ойландым.
Келеді ертең тазаратын күн әлі,
Періштелермен тойлармын...