28.05.2022
155
Баламола. Еске алу жыры
Қорым бар анау қырдың басында,
Құбыла жақтан қарап тұр.
Қой бағып талай жүрдім қасында,
Қоңыр да момын алап бұл.
Кейбір бейітке бесік қойылған,
Сәбидің анық белгісі ол.
Самал жел ғана есіп бой ұрған,
Ананың қолы енді сол...
Көктем келгенде мына беткейге,
Бәйшешек гүлім өсетін.
Бөбектей бұлттар жылап ед кейде,
Төбемнен сосын көшетін.
Орындалмастан шетінеп кетті,
Бар еді балғын арманым.
Жүрегімді өлең жетім етпепті,
Құдай жеткізер қалғанын...