28.05.2022
  139


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Қанды жұма

Жаһанның назарында – қанды жұма,
Желтоқсан жаңғырып тұр жанды жұла.
Сен үшін өлу – арман, маңғаз мекен,
Серт еткем мен озалда Жалғызыма!
Жалғызым – сені берген көктегі Алла,
Алланың жазғанына өкпе бар ма?
Сатқындар өз жазасын алады әлі,
Ақиқат – аққан қанда, төккен арда!..
Бұл күнде азайған жоқ құрбандарың,
Белсенді кілең жендет қырған бәрін.
«Қазақи» қорқаулықты әлем көрді,
Қарай гөр оқты қару құлданғанын.
Азасын Жаңаөзеннің зарым дерсің,
Аманат сақтағанды нарым дерсің.
Жамандық ескі жылмен ғайып болып,
Жаратқан пайғамбарлық сабыр берсін.
...Әумин!





Пікір жазу