27.05.2022
  137


Автор: Ескен Елубаев

ТӨРТ АЯҚТЫ БОЛСА ТАУЫҚ

Дəмi ауыздан кетпейтiн,
Етi қандай тауықтың?!
Ал одан да керемет
Сөзi тəттi Сауықтың.
Тауықтың ол отырып,
Екi аяғын жеп алды.
Басын шайқап опынып,
«Əттең, шiркiн!» – деп алды.
Тоймай қалып етiне,
Өзi сонда ойлады:
– Тауық неге шетiнен
Төрт аяқты болмады?..





Пікір жазу