27.05.2022
123

НЕГЕ ТАР?
Киiп едi Өтеулi,
Былтыр тiккен жейдесiн.
Шолтиып жең, етегi,
Қысып тұрды кеудесiн.
Өтеулi оның себебiн,
Тез түсiне қоймады.
Апам оның етегiн
Кескен ғой деп ойлады.
Дұрыс емес ойы оның
Ешкiм қырқып кеспедi.
Өсiп биыл бойы оның,
Ал, жейдесi өспедi.