27.05.2022
197

МЫСЫҚ-ТЫШҚАН
Қол ұстасып тұрыстық,
Дөңгеленiп айналып.
Екiлене қуысып,
«Мысық – тышқан» ойнадық.
«Тышқан» болып Құралай,
«Мысық» болып мен шықтым.
Қуа-қуа қуалай,
Əбден өзiм тершiппiн.
Мұндай тышқын көрмедiм,
Қашты дейсiң ұшып кеп.
Шаңына да ермедiм,
Жарытпадым мысық боп.
– Тышқан құсап тырбыңдап, –
Десем де, – жəй қашсаңшы!
Құралайым жылтыңдап,
Дейдi: «аяқты бассаңшы!»
Шаршап, бiттi төзiмiм,
Ендi қайтiп ұстармын.
Не болса да өзi бiр
Жүйрiгi екен тышқанның!
балабақшаға арналған тақпақ балаларға арналған тақпақ Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев тышқан Мысық жануар