meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.05.2022
  147


Автор: Ескен Елубаев

ӨЗI

Ертең ерте өзi тұрып,
Асығады ойынға.
Бəтеңкесiн өзi киiп,
Байлайды өзi бауын да.
Шырмап-шырмап ол ешкiмсiз,
Байлауын бiр байлайды.
Бiрақ кешке əкесiнсiз
Бауын шеше алмайды.





Пікір жазу