27.05.2022
130

БАҚЫТЖАННЫҢ АМАЛЫ
Жүргенде ойын деп,
Ашқан ғой қарыны,
Бақытжан жейiн деп,
Алды уыс тарыны.
Асаймын дегенде,
Шашып ап, қысылды.
Апасы келгенде,
Ұрсарын түсiндi.
Термекшi боп өзi,
Байқады,
Болмады.
Не қылған көп өзi,
Жинала қоймады.
Сонан соң ең қызық
Амалды ол тауыпты.
Қойыпты тергiзiп,
Əкелiп тауықты.