27.05.2022
223
КӨКПАР
Көк дөнендi ерттедi,
Жарап тұрған елеңдеп.
Менi өзiмен ертпедi:
«Көкпар тартып келем», – деп.
Қарап тұрмын телмiрiп,
Шығып үйдiң үстiне.
Əне, əкем тебiнiп,
Кiрдi дода iшiне.
Қамшы сiлтеп, салысып,
Көкпар тартыс қызады.
Көкпаршылар жарысып
Жотаны асып ұзады.
Ауызыма тығылып,
Тыншымайды жүрегiм.
Əкем аттан жығылып,
Қалмаса екен – тiлегiм