27.05.2022
  138


Автор: Ескен Елубаев

БОРЫШ

Тыныштықпен атса егер
Аппақ таңдар,
Саған сыйлап сол таңды
Жатқандар бар.


Ол – жауынгер, ол – Отан
Бекем жатқан,
Өз борышын сен үшiн
Өтеп жатқан.
Жақсы оқы, жақсы жүр
Сол үшiн де,
Бұл Отанға өтеген
Борышым де.





Пікір жазу