27.05.2022
163

АЛАТАУ
О бастан-ақ жарасып
Тұрған тұлға, реңi.
Алатауды қарашы –
Алматының кiлемi!
Көздiң жауын алғандай,
Шырша,
Шалғын,
Гүлi бар.
Көрсе мейiр қанғандай,
Алуан-алуан түрi бар.
Алатаудай айбынды,
Тау көргем жоқ мен əлi.
Медеудiң мұз айдыны –
Чемпиондық медалi.