27.05.2022
  680


Автор: Халықаралық балалар күні

1 маусым балалар күні

Құтты болсын балалардың күні бұл,
Әрбір үйді қуанышқа бастайтын.
Аман болсын бала үйдің базары,
Ертеңгі күн ел үмітін ақтайтын.

Қуанайық балалардың күнінде,
Сүп-сүйкімді періштелер әр үйдің.
«Балалы үй базар» дейді халқымыз,
Күлкісіне тәнті болып сәбидің.

Әрбір үйдің балалары күлсін тек,
Әрбір күні қуантып әр баланы.
Бар жақсылық таба берсін жалғасын,
Қуанышы әр баланың бағалы...





Пікір жазу