27.05.2022
543
Ебін тапты
Көшеге шығып, шам түбінде тоқтаған әлгі бейтаныс мысқылдай мырс етті.
– Тә-әк, – деді ол, – көрейік енді, бұл не қылған кәкір-шүкір екенін.
Ол пальтосының астынан дастарқанды суырып алып жайып көрді.
– Шіріген дастарқан ғой мынауың. Жамау-жамау, – деп тісін шықырлатқан бейтаныс кісі ызалана бір түкірді.
Одан кейін сол орнында ерсілі-қарсылы біраз жүрді де:
– Е-е, мейлі, қандай болса, ондай болсын! Бұдан басқа іліп алар ештеңесі жоқ болды ғой. Орындықтарын арқалап жүре алмаймын, жаран
-
дар! – деді. Бейтаныс кісі қолын бір сілтеп, жөніне кетті.