27.05.2022
  109


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Сергелдең күйден түс қарғып...

Сергелдең күйден түс қарғып,
Сезіммен биік ұш қалғып.
Өмірге осылай келеді
Өнерге деген құштарлық.
Өнерге деген құштарлық –
Ұшпауға деген дұшпандық.
Көгершін сезім көкте жүр,
Сен мені тек сол тұстан күт.





Пікір жазу