27.05.2022
  109


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Сөз уыты

Қуандырған.
Қыр асқан.
Қарайлатқан.
Кейбір сәтім көрінер
арайлы ақ таң.
Шабыт қысып
жыр төккен шақтарымда
Талай мақтау естідім
талай достан.
Тасасында қалғыппын
қолпаштаудың,
Қарастырмай шарасын
сан соқпаудың –
Мендей сүйген өлеңін
шайыр досқа
Көшірмесін айтқанда
сол мақтаудың...
Шоғын көсеп шырын сөз
сезімімнің,
Талай мәрте тым кештеу
Көз ілінді.
Мақтағаны
Өзгенің сондай жылы –
Өз бағаңды дегенмен,
өзің білгін.





Пікір жазу