27.05.2022
282
Өмір сынағы
Тамсандырар тәтті ару
боп құмары
Бойдақ жігіт сау басын
тасқа ұрады.
Жар табылды,
бірақ та ой-арманы
Үйленген соң
өзгеріп кетті бәрі.
Алдыменен өзгерді
көңіл-дөнен,
Қоса шаппай тілегі
өмірменен.
Барлық шығын
қоршады жан-жағынан,
Ешбір табыс
келмеді жеңілменен.
Содан кейін
өзгерді дос қатары,
Досы көптің
жанары от шашады.
Кетіскен дос
сол оттан жас жасады,
Тоқтатса оны
тапқан дос тоқтатады.
Отау құрсаң
қиынды жеңе білгін,
Жеңе білу –
кейінге берер үлгің.
Тек өзіңе қатысты
өзгеруі
Жақсы, жаман жағына
ол өмірдің.