27.05.2022
120
Жалғандық
Іңкәр көңіл
құмартып асқарларға,
Ұштастырып
үмітке тілегіңді,
Зәуіде бір, жол тауып,
басқанда алға,
Жалғандықтар өртейді
жүрегіңді.
Қу жаныңды, бәрібір,
қай жаққа тық,
Қарыс сүйем аттатпай
әп дегеннен,
Қара нөсер астында
қалбақтатып,
Қара бұлт боп төнеді
тас төбеңнен.
Жаралайды кей сәтте –
Көлгірсіген
Жәдігөйдің
жымысқы күлкісі боп.
Жалғандықты көргенде
жан түршігер,
Жанарыңда от болса,
жұлқысып өт!