27.05.2022
130
Қайрау
Тұнжыр кейпің сыр бүккен,
Өртенгендей өзегің,
Жүдеп сұрқай тірліктен,
Жүргеніңді сеземін.
Кесіп өтер тіке сын,
Бөсіп келсе – безінгін.
Менен кеңес күтесің,
Мен ондайда... Өзің біл!
Елдің бәрі ақылды-ақ,
Тыңда, бірақ түк деме.
Таңдай бар ғой – тақылдат,
Бармақ бар ғой – тістеле.
Қателессең қайғы жұт,
Етек дайын – еңіре...
Шығар бәлкім, Ай күліп,
(Саған емес) – Көгіне.
Қайда кетер қашқан күн,
Қауіптірек тосқан түн.
Биіктігі аспанның
Білген жанға батпан мұң.
Азап керек өмірде,
Алмай жүрме – қарыз ғып.
Айдау емес өлімге,
Үмітіңе тамыздық.