27.05.2022
  105


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Мәңгілік қас-қағым

Түнім Күнмен шектесті,
Кесел болды... – кектесті.
Бар ойыммен Бір әлем
Ол жоқ жерде беттесті.
Нені көрді? Не ұқты?..
Құрғыр, көңіл, желікті.
Тұңғиығым – тұп-тұнық,
Көкжиегім – көрікті.
Жарығым жүр сол маңда
(Алданбауымды арманда).
Тұтастық көрем кейде мен
Қайшылықтардан да.
Мүлт кетіп мен мүлдемге,
Мақтау айтса мүрдемде –
Таңырқама тіріге
Өле ғашық өлгенге.
Қаперіңе мені ала,
Қараңғыны арала –
Жаңалықты жаңала.
...Жалғыз сәтке жап-жарық
Бүкіл ғұмыр садаға!





Пікір жазу