26.05.2022
120
Өз жеріңде гүлдеші...
Бейбіт көкте
еркін ұшсын қыраның,
Ынтымақ пен
достық болсын ұраның!
Еркелеп кеп
теңіздерге қосылсын
Таудан ойнап
аққан мөлдір бұлағың!
Халық отқа күйді қазір,
Зобалаңды тидыра біл!
Палестина есіңді жи,
Оқты тоқтат Израиль!
Қоңсыласты
сыйлай білгін дұрыстап,
Сонда ғана
қонар мәңгі ырыс-бақ!
Бірлік тіле адамзатқа,
бар елге,
Дүрліктірме
қару алып, ұрыс сап!
Көрші ақысы –
Тәңір хақы – бар мұрат,
Бай болмассың
өзге ырзығын тартып ап.
Ойласаңшы
болашағын ұрпақтың
Көктеуі үшін,
өспеуі үшін қалтырап!
Бейбіт елдің
бұзылмасын бір кеші,
Қасіреттің
не екенін білмеші!
Бай болғанша –
өзге елді отарлап,
Жеке ел боп –
өз жеріңде гүлдеші!