26.05.2022
  112


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Ертегі шақ

Өткенге көңіл шөлдеген,
Шөлдемеген кез аз мүлде.
Кенезем кеуіп келген ем
Сонау бір жылы КазГУ-ге.
Күтіп тұрғандай алтын бақ,
Жалтылы қалқып санада.
Күлдік біз талай саңқылдап,
Бесінші жатақханада.
Тұтас жүректі бөлшектей,
Қалың сезімге қамала,
Жыладық талай көрсетпей
Бесінші жатақханада.
Сәл нәрседен от алдық,
Сәл нәрсеге қуанып.
Сезім шөлін баса алдық,
Сұлуға көзді суарып.
Бүгінде жүрек байланған,
Таңдайы тұрмас шөл құрсап.
Елеске қазір айналған
Ертегі сынды сол бір шақ.





Пікір жазу