meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.05.2022
  151


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Сезім жарқылы

Жанарыма еніп маң дала,
Жетектеп кетті шалғайға.
Қарама маған таңдана,
Мұндай шақ сенде болмай ма.
Сөкпеші, сәтке сенделіп,
Сұп-суық күнде тершісем.
Алматыда мен болып
Ауылды аңсап көрші сен.
Керемет сезім оянып,
Көгіне мөлдір мұң ілсе.
Жүз шайыспай-ақ қоялық,
Ең болмаса бүгінше.





Пікір жазу