26.05.2022
  152


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Батыр рухы

Адам-пенде мың мінді,
жүз күнәлі,
Алау-өмір жылытады,
шыжғырады.
Арман-мақсат биікке
алып шығып,
Ажал-ұшақ қиып түсті
Сіздідағы.
Келе қалса ғайыптан
мінсіз адам,
Жан болары хақ оның
Сізге ұсаған.
Соны айтады –
сыр бүккен қысқы дауыл,
Көктемгі ағыс,
жазғы аптап,
күзгі самал.
Қызықтырмай дүние,
алтын жылтыр,
Құрмет тұтқан
қазақтың салтын, ғұрпын –
Сіздей ұлды туғаны –
ұлттың бағы,
Ал өлгенің...
Сорлатты халқыңды шын.
Уақыт өтер,
ұрпақ өсер, қанат қағар,
Батыр аға рухымен жарақтанар.
Бейдауа дерт шипасы
сонда қонып,
Беймаза жан
сол кезде тағат табар...





Пікір жазу