meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.05.2022
  311


Автор: Балуан Шолақ

Тартады денем ауыр...

Атандым Балуан Шолақ мен жасымнан,
Тартады денем ауыр қорғасыннан.
Бетіңнің алақандай қызылы үшін
Айрылман қияметтік жолдасымнан.
Болса да біздің қатын бостың босы,
Жарасар жігіттікке жүрген қосы.
Жұбымыз əлі күнге айрылған жоқ,
«Қоса ағар алғаныңмен» деген осы.





Пікір жазу