26.05.2022
222
![](/uploads/shorttexts/author_image/1522758885-img-9122.jpg)
Алда Көкшетау…
Шапырашты-ау, аман бол, Албан, Дулат-ау,
Шипа болдың-ау дертіме жүргенде улап-ау,
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай!
Қаңлы, Ошақты-ау, Жалайыр, жалпы Үйсін-ау,
Сайрандадым-ау аралап, аунап-қунап-ау,
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай!
Сағындым қайран халқымды-ай!
Алда Алатау – жердің ыстығы-ай,
Сағындым сені – елді тыстағы-ай!
Баймырзаның баласы Балуан сері,
Араладым Үйсінді арлы-бері,
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай!
Жетісудың жеріне аунаған соң,
Тарқап қалды ішімнің қайғы-шері.
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай!