26.05.2022
153
Қырық тоғызда...
Қырық тоғызда бұл күнде менің жасым,
Бұзар кезім қамалдың тау мен тасын.
Сентябрьдің кешегі базарында,
Елу бір пұт көтердім кірдің тасын.
Орыс, қазақ жиналған таң қалысты,
Қаһарманнан болды деп мынау басым.
Жетпіс бес сом залог сап күрескенде,
Карон балуан сындырдым қабырғасын.