26.05.2022
170
Қаратауда қалың ел
Қалың ел, ризамын пейіліңе,
Қарарсың ақыл қойып зейініме.
Қалар ем мəңгі-бақи Қаратауда,
Арттағы қарайлаймын кейінгіме.
Қайырмасы:
Атақоныс Қаратау,
Қажетіме жарады-ау,
Ел есіме түскенде,
Ішім күйіп барады-ау!
Қаратау кейде қарсыз, кейде қарлы,
Қыла алар кімдер кедей бастан барды.
Кетпейді ата-анам естен, түстен,
Десем де ұмытайын қайғы-зарды.
Қайырмасы:
Өзен аты Шу екен,
Жүзіп жүрген қу екен.
Атақоныс малға жай,
Өне бойы ну екен.