26.05.2022
  132


Автор: Балуан Шолақ

Дегенге Шолақ баяу

Дегенге Шолақ баяу, Шолақ баяу,
Еркім жоқ қапастамын көңілім қаяу.
Жаласы сексен өгіз бірдей ауып,
Мылтықтың дəл аузына тұрмын таяу.
Жазығым – мықтылығым, күшім басым,
Дұшпанның талқандадым талай тасын,
Отырмын мен қапаста қамығумен,
Сұм дұшпан енді маған не қыласың.





Пікір жазу