26.05.2022
123
![](/uploads/shorttexts/author_image/1522758885-img-9122.jpg)
Сегіз келін
Шөкеңнің көңілдесі сегіз келін,
Ішінде қызыл бұйра семіз келін.
Келсем де жер ортасы елу жасқа,
Қыз-келін ары жүрші дегізбедім.
Қайырмасы:
А-ай, жалған-ай,
Өттің өмір арманда-ай.
Əгə-гəй, ə-гə-гə, қалқаш, ə-гə-гə-ай.
Құмармын тоғызыншы бір келінге,
Қапамын əлі таппай жүргеніме.
Қандай сал, қандай сері болса-дағы,
Кім қылды мендей күнə бірмен-бірге.
Қайырмасы.