26.05.2022
  152


Автор: Балуан Шолақ

Екі жирен

(2-түрі)
Көшкенде жылқы айдаймын, əй, аламенен,
Ауылыңа барушы едім, ай, даламенен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.


Түскенде сен есіме, əй, беу, қарағым,
Сағынып сарғаямын, əй, санаменен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қайырмасы:
Ей! Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ау, жаным сүйген,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қарағым айналайын, мейірбаным,
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным.
Айрылып сенен, сəулем, кетіп қалсам,
Жалғанда екі бірдей болмас мəнім.
Қайырмасы.
Өзіңе хат жазамын, қалқам, саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Рахат екі дүние бірінде жоқ,
Дариға, құр жастықпен өтті заман.
Қайырмасы.





Пікір жазу