26.05.2022
130
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-23-23-37-51.png)
Тәуелсіздік жылы
Бауыр таптық әр шеттен,
Ойнап кейде от бастық.
Қасқыр қылық көрсеткен
Қой жылымен қоштастық.
Құлақ қойсаң сөзді ұғып,
Тірлік деген қас-қағым.
Кетті біреу көз жұмып –
Көзін ашып басқаның.
Күрке іздеп түнеуге
Қаңғығанды тым қысты.
Бақыт қонды біреуге,
Базбіреулер мұң құшты.
Түп атасын сұрамай –
Табылды да мың ие,
Тексіздікке шыдамай,
Төңкерілді дүние.
Шашылдық та топтастық
Тіреліп бір шешімге.
Қой жылымен қоштастық,
Сенім артып мешінге.