25.05.2022
  230


Автор: Шырын Толқынова

Қызғанба мені

Біреулердің мен рас, сөзінде жүрмін,
Жасырынып біреудің көзінде жүрмін.
Біреулердің мен мұңлы жырында жүрмін,
Көңілінде күн кешіп сырында жүрмін.
Біреулердің мен рас, сынында екем,
Көркейіп көңілінің шыңында екем,
Біреулердің жалынды жүрегінде екем,
Тәңірінен сұраған тілегінде екем.
Біреулердің қол жетпес биігі екем.
Күрсіндірген көңлінің күйігі екем,
Қиялындамын, біреудің арманы екем,
Тәкаппар тағдырының талғамы екем.
Ойлар мейлі, жаныңды жәбірлесін.
Сен менің сәнімдесің, әнімдесің.
Қызғанба енді, асылым, сен мен үшін
Осы айтқан биіктіктің бәріндесің





Пікір жазу