25.05.2022
133
Атыңды жазам...
Атыңды жазсам өрнектеп,
Ойлама жай бір ермек деп.
Кездескен жаннан бейнеңді
Жанарым талды көрмек боп.
Үмітім таңға жалғасып
Ұйқыда болам
Дөңбек көп...
Елеңдеп біттім жат көзге,
“Қайткенде маған келмек” деп.
Алдамшы аңқау үмітті
Әрекет етем жеңбек боп.
Дауасыз елтіп жүрмін мен,
Жанымды жырмен емдеп көп.
Тым құрығанда атыңды,
Құмарым қансын өрнектеп...