25.05.2022
  150


Автор: Шырын Толқынова

Мен сізді

Мен сізді
Көз талып күткен шақтарда,
Уақыттың не екенін білдім.
Жаныңнан сая тапқанда,
Бақыттың мекенін білдім.
Ғашықтың ғаламат жырын,
Біржандай білемін деуші ем.
Ақтармай азамат сырын,
Мен өмір сүремін деуші ем.
Еске алып елжіреп кетсем,
Жүрегім, бекем екенсің.
Мен Сізді ержүрек десем,
Езіліп кете ме екенсің?





Пікір жазу