25.05.2022
118
Көктем өтіп барады
Көктем өтіп барады, көктем өтіп,
Көктем тағы барады өкпелетіп.
Сабағына қалдырып бүршік жырын,
Жанарыма жауынын төкпелі етіп
Көктем өтіп барады, өкпелі етіп.
Келбетіме өң бермей, көрігіме,
Баяғы сыры қалды көңілімде.
Жауапсыз бақытымды жалау етіп,
Баянсыз көктем өтті өмірімде,
Неткен тым көңілсіз еді өңі мүлде...
Көктем қашан көркейтер бөктерімді?
Қызғалдақтар қырқамнан көп терілді.
Керіліп күте бермей көп керімді
Өзің келіп өпсеңші өкпеліңді.
Күттірмей, әкелші енді көктемімді.