25.05.2022
  119


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Қара түнде ақ көңіл де күрсініп

Қара түнде ақ көңіл де күрсініп
Махаббаттан күтіп тұрды құлшылық...
Жыры ұлы қыз,
Ғұмырымыз мұңданып
Тілектерді тонап кетті тіршілік...
Өмірді де бір сүріп
Мұңымыздан мың тіктеліп, мың сынып
Жазмыштың жалынында тыншыдық!
Ар алдында арпалысқан сезімдер,
Дар алдында дүрмекті ойдан қымсынып...
...Күтіп қаппын жас ғұмырдың бағында
Қолымдағы саған деген гүл шіріп...





Пікір жазу