25.05.2022
  134


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Жалау болмай жаныма

Жалау болмай жаныма
Өткен еді көп күндер.
(...Бұл жігіттің зары ма
Жоғалмай жатып жоқпын дер?)
...Жо, жо-оқ, теріс ұқпағың
Сендік күндер сый анық.
Әншейінде мықты арым.
Сені көрсем, ұялып...
Жүректегі талғаммен
Сені сүю бағым, ұқ!
Ғұмыр кешсем,арман не?
Жанарына малынып...
Мендік мұңның емі – сен
Емделмесім мүмкін бе?
Болмысың – нұр, келісем
Бір сиқыр бар күлкіңде!
Өтіп жатыр сынақ күн
Ай айқайлап, жыл үрді...
...Қажеті не жұмақтың
Бірге өткізсек ғұмырды..





Пікір жазу