25.05.2022
  213


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Бәрі бекер

Бәрі бекер
Бұл өмір де болмаған.
Сенім қайда?
Пәтуа-пір зор маған.
Тереңдікке бойлағанда ой-санам
Биіктіктен Тәңір нұрын жолдаған.
Сенім, сенім...
Кейде одан адасам.
Оны ұғасың жанарыма қарасаң.
Сөз алдында – сенімсіздік, қымсыну
Көз алдында – бұлыңғыр күн, ала шаң!
Сен мені ұқ!
(Ұғарына сенбеспін.)
Жалғыз анық – өлмес өмір, сөнбес күн.
Тілегімен Тәңіріне тәубе айтып
Жүрегінен ұшырмайды шерді ешкім.
Өмір болды, жамылғанбыз желегін
Өлім де бар
(Қамалады неге мұң?)
...Дүниенің дүрмегінен құтқарар
Өлеңім бар,
Соған ғана сенемін!





Пікір жазу