25.05.2022
151
Қуанышым мұң астына көміліп
Қуанышым мұң астына көміліп
Сезім өлді!
Күпті көңіл оны ұғып...
Шаршап кеттім.
Аңсап па едім бұл күнді
Өлеңдерім өгей жерде өріліп...
Ащы айқайым аспан жаққа шығынып
Көз жасымыз күнгей жақта сығылып...
Мендік жүрек жүрек емес, жүдеген
шоқ-жанымның – от-жалынның шырылы, ұқ!
Жақсы ойдан түндерімде жаңылып
Жаман ойдан күндерімде арылып,
Сен айтқан сол 18-ді сағынып
Ит тіршілік итарқадан тағы үріп,
Гүл-көрпемді ұйқы алдында жамылып,
Ай астында Ар-ұятқа табынып,
Дүниемен дүрдараз боп танылып,
Өлем шығар ажалымды құшақтап
Жүрек байғұс бақыт...сыздықтан жарылып...