25.05.2022
  115


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Аяз бен қар...

Аяз бен қар –
Қарлығып үнім қалды.
Қаңтар келіп жанымнан сырымды алды.
Жыламайын деген ем, жырың мәнді,
Сынамайын деген ем шыбын жанды...
Қарасуық тағы да аласұрып,
Мен ғана мазалымын, қала сұлық.
Ақтөбенің алдында аласамын


Тағдырым да жүр мені баласынып...
Ия, солай –
Тағдырым оңдырмады
Сендік сезім – жүрекке мөлдір дәрі...
Қыр артынан сығалап сабырсыз мұң
Гүл аңқыған көңілің қол бұлғады...
«Аяз қарып арымды
Қарша еріп шер қалды.
Көңілдегі әр үнді
Жұтып, жанды дерт алды!» –
– деееп, мұңайсам, жазғырма!
Жаз-ғұмырым алыста.
Жаңбыр иісі аз қырға
Сырым қашты.
Ал, ұста!
Жел өтінде – өмірім,
Көңілімде – қырау мұң!
Тастай қатты бол, інім,
Мұз-тірлікте құлау – мін!
Кірпіктерге шық қонып,
Қар жаумағай қабаққа!
Жүректегі құт тоңып,
Тамбасын мұң параққа!





Пікір жазу