25.05.2022
123
![](/uploads/shorttexts/author_image/kisspng-writer-author-writing-book-computer-icons-feathers-5acdbedaa20077-5457599715234331786636[2].png)
Жауабы аз, сұрағы көп өмір ең
Жауабы аз, сұрағы көп өмір ең
Өлмесіме сенгенмін.
Тосырқанып, тосын «сыйға» көмілем –
Өгей тағдыр – ерген мұң!
Жердің беті жесірліктен жуасып
Асаулыққа бас ұрған.
Жетімдігі пері-тірлік дуасы, ұқ
Мойынына асылған.
Мендік сезім сағыныштың дауылы
Бақыт үшін жоқ төрі.
Ал, аспанға ащы айқайдың «тәуірі» –
Көкке ұлыған Көкбөрі!
Қасқыр ойдың қармағынан қашам ба?
Тығыларым түнек-түн?
Бағым – өмір, көре алмассың, (тасамда)
Жүдегенін жүректің...