25.05.2022
  97


Автор: Жақсыбек КЕМАЛ

Аспан асты. Ақ төбе

Ақ көңілмен
Ақ ниеттер арқаланып
Адам болдым ұятқа, арға қанық.
Арманымыз ағыспен аулақ кетіп
Ақиқатын өмірдің аңдамадық...
Аспан, әні


Ашылмаған қас-қабағы.
Анау бақ та, көше де басқа бәрі.
Ағыл-тегіл жылап тұр сезімдер де
Ақтөбеден естілмей жастар әні.
Алдыңда өмір, аласамын,
Аңғалмын ба?
Ақиретке асықтым,
Арбалдым да.
...Ақиқаттар адасып ар аулында
Арманы үшін азапты жандар мұнда.
Ақ төбе!
Аласа емес, биік те,
Артық емес, төбем төре кейіпте!
Ашылмадың ақын есік қаққанда
Асылдарың бой алдырып... күйікке...
Айтайын ба тағы сөз «майдан» ашып?–
Аялайтын аяулы қайда ғашық?
...Асқарымда армандар аймаласып
Аспанымда тәтті әндер айдан асып!..





Пікір жазу