25.05.2022
172
Мұны бірақ сезбесінші өзге ешкім...
Мұны бірақ сезбесінші өзге ешкім,
Ауыр мұңға енді білем төзбеспін.
Сенсіз-дағы жаралы еді жүрегім,
Коңыр қыз-ай, қайдан ғана кездестің?!
Кездестің де бұздың коңіл қаймағын,
Жан бағымда бұлбұлдайын сайрадың.
Сезімімнен арқан есіп үзілмес,
Болмысымды болмысыңа байладың.
Мен байландым, оп-оңай-ақ байландым
Жан сырымды от өлеңге жайғанмын.
Жігіт мықты, нәзік деуші ед қыздарды,
Бұлай болмай шықканына қайранмын.