25.05.2022
179
Ұмыттырып кәнігі нала мұңды...
Ұмыттырып кәнігі нала мұңды,
Көз алдыма әкелдің лала гүлді.
Кұштарлығы үшін-ақ кешіре сал,
Сұлулыққа сұқтанған жанарымды.
Ғайыптан шыға келген ғажаппысың,
Бір сәттік жан сімірер ләззәтпісің?
Коркіңе көздерімді байлап алып,
Баяу қалқып барасың азат кұсым.
Сәлірек аялдашы ақмаңдайлым,
Сұлулықты мен бүгін тапқандаймын.
Жер бетінде жанымды толқыта алар,
Қыз барында мен неге шаттанбаймын?!
Жүрісінде сен қыздың ырғақ басым,
Қалайша жүрегімді жырлатпасын?!
Сенің осы елесің көп аңсатып,
Кенеземді кептіріп құрғатпасын!