25.05.2022
  282


Автор: Бейбіт Сарыбай

Қарақат қыз

Жұлдызды түн. Уақыт мәмілелі...
Кәрі төбет ерініп паң үреді.
Қарақат қыз қарайды шешесіне,
Сылтауратсам екен деп тағы нені.
Маған пана сол үйдің бәйтерегі,
Күндегідей төбемнен ай төнеді.
Қолжуғыштың шелегі толмаса да,
Төкпек болып шығады, қайтеді енді?!
Кім екенін білмесін, білсін, мейлі;
Әдеті ғой, ақырын «кімсің?» дейді.
Сезе тұрып не үшін келгенімді,
«Қай жақтан мұнда адасып жүрсің ?» – дейді.





Пікір жазу