25.05.2022
  131


Автор: Әлия Дәулетбаева

Қарнаққа қасида

Арманшыл кеуде таңда аппақ,
Ата күлдігін ардақтап.
Қарт шайырлардың ізімен,
Қасида жаздық Қарнаққа.
Опасыз күндер отті рас,
Озбырдың күйін сарнатқан.
Күйреуік өскен даланың,
сүйредік даңқын аулаққа.
Талайсыз менің тағдырым,
Айнала жаздап қаңбаққа.
Көкемнің көне сүрлеуі,
Күре жол кетті жан-жаққа.
Ұшқан бір құстай елесі,
Уақытқа қалай сенесің.
Беу, менің құтты Қарнағым,
Орныңда бүгін төбешік.
Бектері атқа қонғанда,
Билері құрған кеңесін.
Бұлдыр да бұлдыр бұлдыр күн,
Бұ да бір өткен белесім.
Жұртыңнан тауып тәу еттім,
бабамның сырлы жебесін,
Көк сүңгі сенде соғылған,
Кәуірдің сөккен көбесін.
Баялыш басқан боз дала,
Баяғы шерді қозғама.
Тамырсыз ұлда тұрла жоқ,
Тарихын тасқа жазбаған.
Ішкі де сыртқы дұшпанның,
Ішкенттен даңқы озбаған.
Қорғасын құйған пештерде ,
Қызыл шоқ жатыр қоздаған...
Бұл жүрек неден шерлі еді...
Сыр қылып шертті жел нені?
Сезсең-ау, сайын сахарам,
Сеғргелдең халді мендегі.
Үрімің менен Бағдаттың,
Қарнаққа бірі тең бе еді?
Термиздік шебер тудырған,
Тайқазан нені көрмеді...
Ғарышқа сіңген жылдардың,
Ғажабы әлі өлмеді.
Қаратау асқан қазақтың
Рухы неге шөлдеді?...
Қарнаққа жаздым Қасида...





Пікір жазу