25.05.2022
  124


Автор: Әлия Дәулетбаева

Шиелер гүлдеді ғой бұл бақтағы...

Шиелер гүлдеді ғой бұл бақтағы,
Ауаға ақ жұпарын шашып, төгіп.
Мазам жоқ жүрегімді ұрлатқалы,
Мен бұрын көрмеген ем ғашық болып.
Түн төсін тіліп қанша жұлдыз ақты,
Сонша рет үміт тіні сетінеді.
Күрең жел тонағанда күзгі бақты,
Көктемде оралам деп кетіп едің.
Шаттығым, жанарыңнан нұр моншақтап,
Жаныңның бөлегенсің жылуына.
Сап-сары жапырақты жүрмін сақтап,
Сен сонда қадап берген бұрымыма.
Білмеймін, қысты қалай өткергенмін,
Қысқа күн күдік сыйлап қырық түрлі.
Гүлдетіп шие ағашын көктем келді
Түсімде есігімнен күліп кірдің.
Өңім болса екен...





Пікір жазу