25.05.2022
  173


Автор: Балуан Шолақ

Қос балапан – Көкшетау

Жасымнан үйір болдым қыз балаға,
Шешесі қыз баланың қызғана ма.
Он жеті, он сегізге жеткеннен соң,
Қыз бала, жолығарсың бір жалаға.
Қайырмасы:
Көкшетауым,
Күнде жауын.
Сексен көл айдын шалқар,
Сенің баурың.


Жақсы қыз сыр айтады жеңгесіне,
Айтқан соң өз жеңгесі көнбесін бе.
Білмеген адам жайын жаман қатын,
Қондырар қара құсты кеудесіне.
Қайырмасы





Пікір жазу