meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.05.2022
  162


Автор: Балуан Шолақ

Дауыс ашар

Атанған, ей, мен жасымнан Шолақ едім,
Намаз бен оразаңа олақ едім,
Айында қатын, бала бір көрмейтін,
Мен жүрген ел шетінде қонақ едім.
Қайырмасы.
Мен, Шолақ, ашуланса қалай тоқтар,
Елде аз осы күнде мені боқтар.
Қашанғы қорлығыңа шыдайын деп,
Біреуін біреуіне қылдым шоқпар.
Қайырмасы.





Пікір жазу